Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 189 бұйрығы
(2023.25.03. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 183 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 10 маусымдағы
№ 189 бұйрығымен
бекітілген
Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі
әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық геоботаникалық карталарды жасау кезінде қолданылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.03.03. № 81 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: